Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл үйретудегі заманауи әдіс-тәсілдермен таныстыру және тәжірибе алмасу.
Іс-шараға Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушысы Күлән Бейсенбайқызы Көпеш, Балқаш қаласы тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Айнұр Асанханқызы Бәйімбетова, Саран қаласы тілдерді дамыту орталығының оқытушысы Динара Тәрбиеқызы Жүпенова арнайы спикер ретінде қатысты. Жиынға Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Рысқұлқызы Жақан модераторлық етті.
Кездесу барысында тіл үйретудің тиімді жолдары, сөйлесім әрекетін дамытудың инновациялық әдістері мен оқытушылардың тәжірибесі талқыланды. Әсіресе, оқытудың сингапурлық әдісі қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Мұндай әдістемелік кездесулердің кәсіби тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды ортаға салуға және мемлекеттік тілді оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң ретінде берері мол.
Семинар-практикумға оқыту орталықтарының оқытушы-әдіскерлері, мектеп
мұғалімдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.









