Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізілді

    1 / 2

    Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Еңбек заңнамасы бөлімінің басшысы М.Мырзаш және Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы С.Қабдолла Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Қызылжар негізгі орта мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымымен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің негізгі міндеттері мен жауапкершілігі, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, еңбек қатынастарын заңнама талаптарына сай рәсімдеу мәселелері түсіндірілді.

    Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау, жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізу, міндетті оқыту мен білімін тексеруді ұйымдастыру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Мұндай кездесулер еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға, қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруға және еңбек заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары