Еңбек заңнамасының негіздері бойынша түсіндіру жұмыстары

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы А. Шакенова Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұжымымен кездесу өткізді.

    Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушінің міндеттерін орындауы, еңбек шартын жасасу, жалақыны уақтылы төлеу, жұмыс және тынығу уақытының режимі, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді.

    Кездесудің мақсаты – еңбек мәдениетін арттыру және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары