ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ: АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР

    1 / 7

    Аудан әкімі А.Жақсылықовтың тұрғындар алдындағы жоспарлы есептік кездесулері аудан орталығы Шұбарқұдық ауылдық округінде өтті.

    Кездесулер Шұбарқұдық кентінің алты аймағында ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында округ әкімі Б.Сауытов округ аумағында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған нақты міндеттер мен басым бағыттарды баяндады. Атап айтқанда, елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту, абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау, жолдар мен көшелердің жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған міндеттерді атап өтті.

    Кездесулерде тұрғындар кент аумағында атқарылған шаралар үшін алғыс білдіріп, өзге де ұсыныстар білдірді. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әрбір мәселе мен ұсыныстың назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

    Сонымен қатар, аудан басшысы ауылды абаттандыру жұмыстарын тиісті деңгейде жоспарлап, белгіленген шаралардың уақытылы әрі сапалы орындалуын тапсырды. Сондай-ақ тұрғындар көтерген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу, тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу, стратегиялық бағыттар және олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

    Тұрғындармен ашық пікір алмасу, олардың ұсыныстарын ескеру және өзекті мәселелерді бірлесе шешу – ауданның тұрақты дамуының маңызды кепілі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Темір ауданы әкімдігі" жаңалықтары