2026 жылғы 30 қазанда Zoom платформасы арқылы онлайн форматта қалалық әлеуметтік әріптестік және еңбек пен әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қайрат Еділұлы Жөкебаев, Мансап орталығының, комиссия тараптарының, сондай-ақ қала кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес қала кәсіпорындары мен ұйымдарындағы жалақы берешегін жою бойынша қабылданып жатқан шаралар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу, электрондық еңбек шарттарын Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу, сондай-ақ қызметкерлердің алдағы уақытта және нақты жұмыстан босатылуы және оларды жұмыспен қамту жөніндегі шаралар қаралды.
Қаралған мәселелер бойынша қатысушылар арасында пікір алмасу өтіп, тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
«Абай облысы Семей қаласыныңжұмыспен қамту және әлеуметтікбағдарламалар бөлімі» ММ









