Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Келушілердің көтерген мәселелері негізінен әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, ауызсумен қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуға байланысты.
«Саяхат» шағын ауданының тұрғыны ауызсу, газ, электр желілері және жолға қатысты түйткілдерге тоқталды. Қазір газ бен ауызсудың жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Ал электр желілерін тарту жобасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Құрылыс-монтаждауға қажетті қаражат бөлініп, мердігер мекеме анықталды. Жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жоба аясында Т.Бұлғақұлы көшесіне де электр желісі тартылады. Айта кету керек, бұл көшеге өткен жылы «РиА Сервис ЛТД» ЖШС асфальт төсеген.
Қабылдауда бірінші топтағы мүгедектігі бар қала тұрғыны жұмыс орнына қатынаудағы қиындықтарды айтып, көмек сұрады. Мәселе заң аясында қарастырылып, тиісті қолдау көрсетіледі.
«Бәйтерек» шағын ауданының тұрғыны үй жағдайын жақсартуға қатысты өтінішін білдірді. Ол 2005 жылы кезекке тіркеліп, 2019 жылы «Бәйтеректен» жер учаскесін алған. Сол учаскеге уақытша жазғы құрылыс салған. Алайда жұмысы толық аяқталмаған, тұруға қолайлы жағдай жасалмаған. Өтінішке сәйкес жазғы құрылысты жөндеудің жолы қарастырылып, тиісті көмек көрсетіледі.
Қабылдауға келген азаматтар көтерген мәселелерді жан-жақты қарап, заң аясында шешу және тиісті шаралар қабылдау үшін жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.
Айта кетейік, облыс әкімінің жеке қабылдауына тұрғындар eGov порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы жазылады немесе әкімдікке жазбаша өтініш қалдыра алады.
Жеке қабылдауда тұрғындардың өтініштері қаралды Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.1 / 11 ⛶
Ұқсас материалдар

Солтүстік Қазақстан облысында архив ісін цифрландыру мәселесі талқыланды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшуБағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру шеңберіндегі жобалар мен ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалардың орындалуы жөніндегі есептер мен гранттық қаржыландыру бойынша іске асырылуы туралы қысқаша мәліметтерді қабылдау туралы хабарландыру
Ғылым комитетіАшу
ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «КІТАП LIFE» КІТАП ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСТЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА КӨШПЕЛІ АКЦИЯ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаментіАшу
"Тартоғай ауылдық округі әкімдігі" жаңалықтары

Президент жолдауы: алдағы даму бағыты айқын Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.1 / 5 ⛶
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Салық түсімдерін арттыру және бюджет қаражатын толық игеру мәселелері талқыланды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Қызылордада ат бәйгесі өтті
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
«Заң мен тәртіп»: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу