Қызылордада Республика күні және «Алтын күз – 2026» дәстүрлі мерекесі аясында «Сыр маржаны - 2026» ұлттық ат бәйгесі ұйымдастырылды. Бәйгені облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Құрылтай депутаты Жарқынбек Амантайұлы, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары тамашалады.
Аймақ басшысы қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен, береке-бірлікті айшықтайтын дәстүрлі «Алтын күз» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Алтын күзде халқымыз егінін жинап, қамбасын толтырады. Егініміз бітік шықты деп, қуаныш тойын тойлап, ат шаптырып, бәйге береді.
Дана халқымыз «Жылқы болған жерде бәйге де бар» деген. Атқа қонса, айбарланып, рухтанатын ерлеріміз үшін жылқы ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнердің тұтас бір бөлігі.
Өңірімізде ұлттық спорт түрлерімен шұғылданушылар саны 30 мыңға жуықтап, түрлі додаларда сынға түсіп жүр.
Бүгінгі бәйгеде тұлпарлар дүбірі, шабандоздар шеберлігі көпшілікке қуаныш сыйласын!
Еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!», - деді аймақ басшысы.
ЖАРЫС НӘТИЖЕСІ
Тай бәйге, 5 шақырым:
ІІІ орын - Әли Мағжанұлы, Шымкент қаласы.
ІІ орын - Самат Айбар, Қызылорда қаласы.
І орын - Мақсат Дауылбай, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы.
Құнан бәйге, 11 шақырым:
ІІІ орын - Санжар Бақтыбай, Алматы облысы Балқаш ауданы.
ІІ орын - Нұрасыл Өсер, Жамбыл облысы Меркі ауданы.
І орын - Әділжан Төлеген, Алматы облысы.
Топ бәйге, 15 шақырым:
ІІІ орын - Санжар Бақтыбай, Алматы облысы Қарасай ауданы.
ІІ орын - Болат Әлімшайқы, Алматы облысы Ұзынағаш ауданы.
І орын - Нұрасыл Өсер, Жамбыл облысы Меркі ауданы.
Аламан бәйге, 25 шақырым:
ІІІ орын - Қалилулла Тағылыталап, Атырау облысы Жылыой ауданы.
ІІ орын - Ахмет Анас, Алматы облысы.
І орын - Ерсұлтан Тілеуғабыл, Жамбыл облысы Қордай ауданы.
Жеңімпаздарға қаржылай сертификаттар табысталды.
Қызылордада ат бәйгесі өтті
Ұқсас материалдар

Ақтөбенің экосаябағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында оқушылар 100 қайың отырғызды
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы.
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан өкілі Еуропа Кеңесінің жастар саясаты жөніндегі отырыстарына қатысты
Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы Бас консулдығыАшу
Қазақстан халқына Жолдау
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасыАшу
Президент Жолдауы – ел дамуының стратегиялық бағдары
Целиноград ауданының әкімдігіАшу
"Тартоғай ауылдық округі әкімдігі" жаңалықтары

Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
«Заң мен тәртіп»: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Республика күні қарсаңында 160 қызылордалық баспаналы болды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
«Алтын күз – 2026»: Ел ырысын еселеген дала еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Сыр өңіріндегі инвестициялық жобалар KGIR -2026 алаңында марапатқа ие болды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу