Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен сол жағалаудағы екі тұрғын үйдің 160 пәтерінің кілтін иелеріне табыстау рәсімі өтті.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, егемен ел атанған, тарихи шешім қабылданған күннің маңызына тоқталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз» деп атап көрсеткендей, соңғы төрт жылда үй кезегінде тұрған азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер беріліп, 30 мыңнан астам жерлесіміз баспаналы болды. Жыл соңына дейін тағы 3 мыңға жуық пәтер беріліп, 10 мыңға жуық тұрғынды баспанамен қамту жоспарланған.
Бүгін игі бастаманың жалғасы ретінде тұрғын үй кезегінде тұрған жерлестерімізге аумағы 12 мың шаршы метрге жуық 160 пәтердің кілтін табыстап отырмыз.
Жаңа қоныстарыңыздың босағасы берік, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын! Әр отбасында балалардың күлкісі естіліп, татулық пен береке салтанат құрсын. Ел іргесі берік, болашағымыз баянды болсын!» – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Шарада тұрғын үйлерді салған мердігер мекеменің қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мейрамбек Жұмашев сөз сөйлеп,Мемлекет және қоғам қайраткері Нәжмадин Мұсабаев ақ батасын берді.
Сол жағалау – қаланың қарқынды дамып келе жатқан шағын аудандарының бірі. Бүгінде тұрғындар саны 27 мыңнан асты. Бұл аумақта 145 көпқабатты тұрғын үй бар, 21 әлеуметтік нысан және 14 ірі бизнес нысаны халыққа қызмет етуде. Тағы 50 нысанның құрылысы қарқын алған.
Оның 25-і көпқабатты тұрғын үй, сонымен қатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар да бар. Заманауи сәулет өнерімен үйлескен зәулім ғимараттар мен тұрғын үйлердің басым бөлігін Сыр құрылысшылары салып жатыр.
Республика күні қарсаңында 160 қызылордалық баспаналы болды
Ұқсас материалдар

25 қазан – еліміздің мемлекеттілігі мен егемендігін айшықтайтын, ұлттық бірлігімізді нығайтатын маңызды мереке.
ҚР Әділет министрлігіАшу
Қарағандыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді
Қарағанды облысының әкімдігіАшу
Азия рекордын жаңартқан: елордалық пара спортшыны әуежайда қарсы алу іс-шарасы өтті
Астана қаласының әкімдігіАшу
Қосшыда футзалдан әкім кубогі сарапқа салынды
Қосшы қаласының әкімдігіАшу
Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлері!
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетіАшу
"Тартоғай ауылдық округі әкімдігі" жаңалықтары

«Алтын күз – 2026»: Ел ырысын еселеген дала еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Сыр өңіріндегі инвестициялық жобалар KGIR -2026 алаңында марапатқа ие болды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Қызылордада «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығы басталды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Қызылордада XXXI республикалық театр фестивалі басталды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу