Қызылордадағы Мемлекеттік рәміздер аллеясында ұлттық мереке - Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Әскери хор еліміздің Әнұранын орындады.
Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Республика күнімен құттықтады.
«Баршаңызды халқымыздың ең қастерлі мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі күн – рухымызды көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды мереке.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу – баршамызға ортақ қасиетті борыш» деген болатын.
Биыл біз ұлттық мерекені ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтудеміз.
Халқымыз егемендік жылдарында көптеген белесті абыроймен еңсерді.
Мемлекетіміздің өркендеуі мен ел мерейінің үстем болуы – байыпты саясаттың, қажырлы еңбектің қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің жемісі.
Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, еліміздің абыройы асқақтай берсін!», - деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Ұқсас материалдар

Ақтөбенің экосаябағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында оқушылар 100 қайың отырғызды
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы.
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан өкілі Еуропа Кеңесінің жастар саясаты жөніндегі отырыстарына қатысты
Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы Бас консулдығыАшу
Қазақстан халқына Жолдау
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасыАшу
Президент Жолдауы – ел дамуының стратегиялық бағдары
Целиноград ауданының әкімдігіАшу
"Тартоғай ауылдық округі әкімдігі" жаңалықтары

Қызылордада ат бәйгесі өтті
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
«Заң мен тәртіп»: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Республика күні қарсаңында 160 қызылордалық баспаналы болды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
«Алтын күз – 2026»: Ел ырысын еселеген дала еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Сыр өңіріндегі инвестициялық жобалар KGIR -2026 алаңында марапатқа ие болды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу