Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, бюджет қаражатының игерілуі және салық базасын ұлғайту мәселелері қаралды.
Мәжілісте облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев баяндама жасады.
Аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне кіріс көздерін ұлғайтуды, бюджет және салық түсімдері бойынша қалыптасқан олқылықтардың орнын толтыруды тапсырды.
«Қала, аудан әкімдіктері, резерв көздерін өз аумақтарыңыздан іздестіріп, жұмысты жандандыру қажет. Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, жоспарланған түсімдерді толық орындауды қатаң тапсырамын», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Өткен жылдардағы салық берешектерін өндіріп алу және алдағы уақытта берешектің өсуіне жол бермеуге қатысты Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктеріне, мемлекеттік кірістер, полиция және экология департаменттеріне нақты міндеттер жүктелді.
Сондай-ақ экологиялық талаптардың сақталуын қадағалай отырып, рұқсатсыз қызметтерді анықтау және қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін төлемдер толық түсуі қажет. Еңбекақы қорын заңдастыру, жасырын табыстар мен төлемдерді анықтау керек. Осы мақсатта банк аударымдарымен қолма-қол ақша айналымына талдау жүргізіп, салық салу базасын кеңейтуге басымдық беру тапсырылды.
Салық түсімдерін арттыру және бюджет қаражатын толық игеру мәселелері талқыланды
Ұқсас материалдар

Жастар практикасы арқылы 22 мыңға жуық жас маман еңбек жолын бастады
ҚР ЕХӘҚМАшу
Мендіқара ауданы әкімі Ғ.М. Бекбаев пен Соснов А.О. тұрғындармен кездесуінің хабарландыруы. 2026 жыл 12 қараша, сағат 11:00.
Меңдіқара ауданының әкімдігіАшу
Таразда жасанды интеллекттің тіл үйретудегі мүмкіндіктері талқыланды
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасыАшуЖыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты
Самар ауданының әкімдігіАшу
Алматыда Орталық көшесінің бір бөлігі бірнеше түнге жабылады
Алматы қаласының әкімдігіАшу
"Тартоғай ауылдық округі әкімдігі" жаңалықтары

Президент жолдауы: алдағы даму бағыты айқын Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланған Үкімет отырысы өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.1 / 5 ⛶
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Қызылордада ат бәйгесі өтті
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
«Заң мен тәртіп»: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу
Республика күні қарсаңында 160 қызылордалық баспаналы болды
Тартоғай ауылдық округі әкімдігіАшу