Конституциялық Сот пен АХҚО соты құқықтық қорғау мәселелерін талқылады

    1 / 4

    Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) сотының Төрағасы лорд Ян Бернеттпен кездесу өткізді.

    Екі сот органы арасындағы ынтымақтастық қолданыстағы меморандум негізінде жүзеге асырылады және тәжірибе алмасуды, сондай-ақ кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған бастамаларды іске асыруды қамтиды.

    Эльвира Азимова 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енген Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін және Конституциялық Соттың жаңартылған өкілеттіктерін таныстырды.

    АХҚО Сотының Төрағасы Конституциялық Сотқа AIFC Court Moot сот процесін модельдеу бойынша IX студенттік конкурсқа қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Биыл конкурсқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Түркия және Италия университеттерінен 14 команда қатысты.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кәсіби ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты" жаңалықтары