«Ұлттық ономастика – ел айнасы» облыстық байқауы

    1 / 12

    2026 жылдың 28 қазанында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж ғимаратында «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты облыстық байқауын өткізді.

    Аталмыш шара мамандардың біліктілігін арттыруға, географиялық нысандарға атау беру және қайта атау тәсілдерін жетілдіруге, сондай-ақ топонимика тұрғысынан өңірдің тарихи-мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған.

    Қазылар алқасының құрамында облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, тіл мамандары және облыстық ономастика комиссиясының мүшелері болды.

    Байқауға облыс аудандарының жергілікті атқарушы органдардағы тіл саясатымен (ономастика) айналысатын бөлім қызметшілерінен құрылған 4 команда қатысты: «Атау аманаты» (Уәлиханов, Жамбыл аудандары, Петропавл қаласы), «Тарих таңбасы» (Ақжар, Есіл, М.Жұмабаев аудандары), «Туған жер тұғыры» (Аққайың, Айыртау, Ғ.Мүсірепов атындағы аудандар), «Тамыр» (Шал ақын, Тайынша аудандары).

    Байқау бірнеше кезеңнен тұрып, қатысушылардың білім-біліктілігі жан-жақты сараланды. Нәтижесінде, 1 орынды – «Атау аманаты», 2 орынды – «Тарих таңбасы», 3 орынды – «Туған жер тұғыры» және де белсенді қатысқаны үшін «Тамыр» командасы иеленді.

    Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары