Солтүстік Қазақстан облысында Республика күні атап өтілді

    1 / 9

    23 қазан күні Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Республика күніне арналған «Бірлігіміз - бекем, болашағымыз - жарқын!» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтау сөз сөйлеп, өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Салтанатты кеште Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, «Астана Опера» театрының солисі Дінмұхамед Көшкінбаев, «Абырой» тобы және облыстың жетекші шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Кештің ерекше сәттерінің бірі - туған өлкеге арналған «Шуақты Қызылжар» әнінің тұсаукесері болды. Мерекелік іс-шара ел бірлігін, отансүйгіштік рухты және ұлттық мәдени мұраға деген құрметті дәріптеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары