Петропавл қаласында «Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты» тақырыбында республикалық семинар өтті

    1 / 9

    2026 жылғы 16 қазанда Петропавл қаласында «Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты» тақырыбында республикалық семинар өтті.

    Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарын айқындау, қазақ тілінің ғылым, білім және цифрлық технологиялар саласындағы қолданысын кеңейту, өңірлер арасында тәжірибе алмасу.

    «Digital Urpaq» оқушылар сарайында өткен семинар аясында «Қазақ тілі және цифрлық дәуір: ұлттық құндылықтар – рухани серпіліс» атты панорамалық көрме ұйымдастырылды.

    Семинардың негізгі бөлігінде TED форматындағы «Ойталқы» алаңында ғалымдар мен сала мамандары ғылым тілі, жасанды интеллект, тіл мәдениеті және жаңа медиа кеңістігіндегі қазақ тілінің рөлі туралы ой бөлісті.
    Спикерлер қатарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің өкілі Қ.А. Рахымжанов, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Ж.С. Таласпаева, Nazarbayev University жанындағы ISSAI институтының атқарушы директоры Е.Б. Абсалямов және еліміздің жетекші мамандары болды.
    Іс-шара барысында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген тіл мамандары мен сала өкілдері марапатталды.

    Республикалық семинар қазақ тілінің ғылым мен технология тілі ретіндегі әлеуетін арттыруға, озық тәжірибелерді таратуға және тіл саясатының жаңа бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары