Солтүстік Қазақстанның «Sensitive» театры «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды

    Солтүстік Қазақстан облысының «Sensitive» инклюзивті би театры 2026 жылғы XVI «Халықтың сүйіктісі - Народный любимец» ұлттық сыйлығының «Жылдың мәдени жобасы» номинациясы бойынша лауреат атанды. 16 қарашада халықтық дауыс беру қорытындылары жарияланып, он негізгі номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Есту қабілеті бұзылған талантты бишілерді біріктіретін «Sensitive» театры Facebook әлеуметтік желісінде өткен дауыс берудің бірінші кезеңінде-ақ айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қоғамның кең қолдауының арқасында шығармашылық ұжым мерзімінен бұрын сыйлық лауреаты деп танылды. «Sensitive» театрының жеңісі Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет саласындағы маңызды жетістікке айналып, инклюзивті ұжым шығармашылығының қоғам тарапынан жоғары бағаланғанын көрсетті. «Халықтың сүйіктісі - Народный любимец» ұлттық сыйлығы Қазақстанда 16-шы рет өткізіліп отыр. Аталған сыйлық еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар мен жобаларды қоғамдық тұрғыдан мойындауға бағытталған. Лауреаттарды салтанатты марапаттау рәсімі 2027 жылдың басында өтеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары