Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы әлеуметтік тапсырыс аясында «Сауатты көрнекі ақпарат – біздің ортақ ісіміз» акциясын өткізді. Бұл жолы акция Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында ұйымдастырылды.
Жалпыбасқарма тарапынан аудан-ауылдарға арнайы шығу арқылы жүзеге асырылатын іс-шараның бұл форматы екінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Аталған бастаманың баламасы жоқ және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан оң бағасын алған.
Іс-шараның мақсаты – кәсіпкерлік нысандарындағы көрнекі ақпараттың тіл заңнамасы талаптарына сәйкестігін түсіндіру, сондай-ақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандарына әдістемелік көмек көрсету.
Акция аясында басқарма өкілдері «Қазақ тілі» қоғамының облыстық филиалымен бірлесе отырып, Шал ақын ауданындағы сауда және халыққа қызмет көрсету нысандарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тіл заңнамасынан үзінділер қамтылған ақпараттық буклеттер таратты.
Ағымдағы жылы аталған акция аясындағы бұл соңғы көшпелі іс-шара болды.Акцияны өткізу келесі жылға да жоспарланған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









