«Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты облыстық байқауы

    1 / 4
    Петропавл қаласында ұлттық ономастиканы насихаттауға, жер-су атауларының тарихи мәні мен ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты облыстық байқау өтті.
    Байқауға облыстың төрт командасы қатысып, әр команда өз ауданының атынан өнер көрсетті. Ақжар, Есіл және Мағжан Жұмабаев аудандарының өкілдері бірлесіп, ортақ команда жасақтады.
    Байқау төрт кезеңнен тұрды:
    🔹 I кезең – «Таныстыру» – команданың өзін таныстырып, шығармашылық қабілетін көрсетуі;
    🔹 II кезең – «Атаулар сыр шертеді» – ономастика саласындағы білім мен танымды саралау;
    🔹 III кезең – «Жер-су атауы – тарихтың хаты» – туған өлкенің тарихы мен жер-су атауларының маңызын ашу;
    🔹 IV кезең – «Топтық сайыс» – қатысушылардың бірлігі мен білімін, тапқырлығы мен шапшаңдығын көрсету.
    Тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша Ақжар, Есіл және Мағжан Жұмабаев аудандарының біріккен командасы II орынды иеленді!
    Бұл жетістік – қатысушылардың ізденісі мен білімінің, ұйымшылдығы мен ортақ мақсат жолындағы еңбегінің нәтижесі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" жаңалықтары