Қосымша -2
Жария талқылауды өткізу туралы хабарландыру 2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобалары
«Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына сәйкес 2027 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жария талқылау 2026 жылғы 30 қазаннан 2026 жылғы 13 қараша аралығында 10 жұмыс күні ішінде онлайн форматта өткізіледі. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (электрондық мекенжайға [email protected]) ауызша түрде де (тел. 8 71546 21282) қабылданады, сондай-ақ түсініктемелерді сайтта қалдыруға болады.
Жобалар тізіміне сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-akzhar/documents/details/931154
Анықтама телефоны: 8 71546 21282.







