«Lashyn Hall» мейрамханасы республикалық байқауда марапатқа ие болды

    2026 жылғы 24 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында республикалық «Жарнама - тіл тазалығының көрінісі» байқауының облыстық кезеңі өтті.

    Байқауға Ақжар ауданының Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұсынған «Lashyn Hall» мейрамханасы қатысып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, көрнекі ақпарат пен жарнамаларды сауатты әрі талапқа сай рәсімдеу бағытындағы жұмыстарын таныстырды.

    Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша мейрамхана жүлделі ІІ орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.

    9 қазан күні Астана қаласында өткен республикалық байқаудың қорытынды кезеңінде «Lashyn Hall» мейрамханасы Алғыс хатпен және 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.

    Бұл жетістік - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жарнама саласында тіл нормаларын сақтау және тіл мәдениетін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Ішкі саясат,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" жаңалықтары