КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

    1 / 9

    📍 Еңбекші ауданында көпбалалы аналарға құрмет көрсетіліп, ана мәртебесі мен отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі №1476 Жарлығына сәйкес ауданның көпбалалы аналарына мемлекеттік наградалар табысталды.

    Салтанатты рәсімде Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е. Күзенбаев аналарды құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, марапаттарын табыс етті.

    📌 Марапаттау рәсімі барысында:
    — 5 ана «Алтын алқа» иегері атанды;
    — 11 ана «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

    Ана – отбасының берекесі, ұрпақ тәрбиесінің ұйытқысы. Көпбалалы аналардың еңбегін бағалау – отбасы институтына, ұлттық құндылықтарға және келешек ұрпаққа деген құрметтің көрінісі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты" КММ" жаңалықтары