РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

    1 / 21
    Еліміздің ұлттық мерекесі — Республика күніне орай Еңбекші ауданында мерекелік концерт ұйымдастырылды.
    Республика күні — еліміздің мемлекеттілігін нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, елдік пен бірліктің маңызын айқындайтын ерекше мереке.
    Бұл күн Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегін бағалауға да мүмкіндік береді.
    Мерекелік концерт барысында әншілер мен бишілер өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
    Іс-шара аясында қала мен ауданның дамуына, қоғамның өркендеуіне және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосып жүрген әртүрлі сала мамандарына құрмет көрсетілді.
    Білім беру, тәрбие, денсаулық сақтау, құқық қорғау, мемлекеттік қызмет және коммуналдық салаларда абыройлы еңбек етіп жүрген қызметкерлерге арнайы статуэткалар мен сертификаттар табысталды. Олардың қатарында ұстаздар, оқытушылар, тәрбиешілер, медицина мамандары, прокуратура және полиция қызметкерлері, мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері, сондай-ақ электр, энергетика, ауыз су, жылу жүйелері мен тазалық саласының қызметкерлері бар.
    Сонымен қатар, спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін екі азамат Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
    Бұл — күнделікті еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға көрсетілген құрметтің белгісі. Әр саланың жауапкершілігін абыроймен атқарып, қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегі әрдайым бағалы.
    Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты" КММ" жаңалықтары