📍Еңбекші ауданында аппараттық жиналыс өтті

    1 / 9

    Бүгін Еңбекші ауданы әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының қатысуымен аппараттық жиналыс өтті.

    Жиналыс барысында салалық бөлімдердің атқарып жатқан жұмыстары қаралып, аудан аумағындағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жылыту маусымының өту барысы, тұрғын үйлерге жылудың уақытылы әрі сапалы берілуі, сондай-ақ қысқы кезеңге дайындық мәселелеріне назар аударылды.

    Сонымен қатар, тұрғындардан келіп түскен арыз-шағымдар мен өтініштерді қарау, олар бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылдау, тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, өтініштерге уақытылы кері байланыс беру мәселелері пысықталды.

    Бұдан бөлек, ауданға инвестиция тарту, бюджет қаражатының игерілу барысы және жоспарланған жұмыстардың орындалуы талқыланды. Жауапты бөлім басшыларына өз бағыттары бойынша жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып, белгіленген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

    Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық танытуы және қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жиналыс қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жұмыстарды үйлестіру, тұрғындардың өтініштерін назарда ұстау және өзекті мәселелерді жедел шешу бағытында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің аппараты" КММ" жаңалықтары