Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін жәрдемақы мөлшері қандай? 2026 жылы: 81 871 теңге, ол 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері.
Кім алады? Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анасы, әкесі, асырап алушысы, қамқоршысы алады.
Қайда өтініш беру керек? eGov.kz / eGov Mobile / ХҚО
Қандай құжаттар: жеке куәлік, мүгедектік туралы анықтама, туу туралы куәлік, қамқоршылық туралы құжат, банк шоты (20 сан)
1-топ мүгедектігі бар адамға күтім жасаушыға жәрдемақы қанша төленеді?
81 871 теңге төленеді, ол 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері.
Кімге төленеді? 18 жастан асқан 1-топ мүгедектігі белгіленген адамды күтетін адамға төленеді (туысы немесе бөгде адам да бола алады). Олар бір елді мекенде тұруы міндетті. Егерде бір кісіге бірнеше адам күтіп жасаған жағдайда, күтушілердің біреуіне ғана жәрдемақы тағайындалады. Ал, отбасында бірінші топтағы мүгедектігі бар екі және одан да көп адам тұратын жағдайда күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы олардың әрқайсысы үшін тағайындалып төленеді.
Қайда өтініш беру керек?: eGov.kz, eGov Mobile, ХҚО.
Құжаттар: жеке куәлік, мүгедектік туралы анықтама, IBAN шот.









