Қазақстанда жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, тиісті медициналық көрсетілімдер болған және бұл қызмет оңалтудың жеке бағдарламасында (ОЖБ) көзделген жағдайда, жеке көмекшінің қызметі ұсынылады.
Жеке көмекші адамның жүріп-тұруына көмектеседі, сондай-ақ медициналық ұйымдарға, мемлекеттік мекемелерге және басқа да қоғамдық орындарға барған кезде еріп жүреді.
Бұл қызметті рәсімдеу үшін ОЖБ-да жеке көмекшінің қызметі қарастырылғанын тексеріп, өтініш беру қажет. Өтінішті электрондық үкіметтің eGov.kz порталы арқылы, ХҚКО-да немесе тұрғылықты жеріңіздегі уәкілетті органға жүгіну арқылы беруге болады.
Маңызды! Жеке көмекшінің қызметі адамның жеке қажеттіліктері мен медициналық көрсетілімдерін ескере отырып, ОЖБ негізінде күніне сегіз сағаттан аспайтын уақытқа ұсынылады.









