25 қазан – Республика күніне орай Тоқмансай ауылдық мәдениет үйінде «Қыран елім – Қазақстаным» атты мерекелік концерт өтті.

    Мерекелік кеште ауыл өнерпаздары мен мектеп оқушылары өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен патриоттық рух сыйлады. Әсем әндер шырқалып, туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі ерекше көрініс тапты.
    Республика күні құтты болсын!
    Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болсын! Қазақстанымыздың мерейі үстем болып, әр шаңыраққа бақ-береке мен молшылық орнасын!
    Концертке келіп, қолдау білдірген барша көрерменге, өнер көрсеткен ауыл өнерпаздары мен мектеп оқушыларына шын жүректен алғыс айтамыз!
    Бірлігіміз бекем, еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары