«Бір отбасы – бір кәсіп» жобасына қатысқан Бержановтар отбасына ауылымыздың атынан үлкен алғысымызды білдіреміз!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Бір отбасы – бір кәсіп» жобасына қатысқан Бержановтар отбасына ауылымыздың атынан үлкен алғысымызды білдіреміз!

    Аудан көлемінде ұйымдастырылған жобаға қатысуға Сержан аға мен Рая апа ауылымыздың атын шығарып, ұсынысымызды қабыл алып, өз отбасылық кәсібін таныстыруға келісімдерін берді.
    Еңбектеріңіз бен белсенділіктеріңіздің нәтижесі — аудандық байқауда І орын!
    Сержан аға мен Рая апа, жеңістеріңіз құтты болсын!
    Отбасыларыңыздың берекесі артып, кәсібіңіз өркендей берсін! Бірліктеріңіз бекем, еңбектеріңіз жемісті болсын! Ауылымыздың атын осылай абыроймен танытып жүргендеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз.
    Осы орайда барша ауылдастарымызды да «Бір отбасы – бір кәсіп» секілді жобалар мен қоғамдық шараларға белсене қатысып, ауылымыздың дамуына бірге үлес қосуға шақырамыз.
    Бірлік бар жерде — береке бар. Ауылдың абыройы — әр отбасының белсенділігінен басталады!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары