Қайнар ауылының кіреберісіне заманауи жарықтандыру шамдары орнатылды

    Тоқмансай ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылының кіреберіс жолында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауылдың көркін арттыру мақсатында жаңа светодиодты көше шамдары мен декоративті RGB диодты жарық шамдары орнатылды.

    Аталған жарықтандыру жүйесі түнгі уақытта жолдың көрінуін жақсартып, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, заманауи түрлі түсті жарық шамдары ауылға ерекше сән беріп, кіреберіс аумақтың эстетикалық келбетін жақсартты.

    Бұл жұмыстар ауыл инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары