АҚАЙ АУЫЛЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ!

    1 / 4

    Ақай ауылдық округінде ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиын барысында ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласында еңбек етіп жүрген тұрғындардың жетістіктері дәріптеліп, өздері өндірген өнімдері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

    Іс-шара аясында ауылымыздың тұрғыны Қымбат Казыкенова Ақай ауылдық округінің әкімі атынан «Қас шебер, еңбекқор әже» атты Алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, ол көпшілікке өзі дайындаған сүт өнімдерін таныстырып, ұлттық тағамдарымыз бен табиғи өнімдердің құндылығын көрсетті. Ал ЖК «Тлеубаева» «Биогумус» атты құнарлы топырақ өнімдерін, ЖК «Ешманова» өз қолдарымен жасаған тоқыма бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды.

    Мерекелік шара барысында спорттық сайыстар да ұйымдастырылып, ауылдық округтің бас маманы Төлеу Нұрмұхан гір көтеру жарысында жүлделі III орын иеленіп, ақшалай сыйақымен марапатталды.

    Сондай-ақ, Тоқмансай ауылдық округіндегі «Қасен» шаруа қожалығының механизаторы Еримбетов Талғат Сандибекович ауыл шаруашылығы саласындағы адал еңбегі мен қосқан үлесі үшін Алға ауданының әкімі Асланбек Серікұлы Шүйіншәлиевтің атынан "Үздік механизатор" Алғыс хатпен марапатталды.

    Мерекелік басқосу барысында ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі ерекше аталып өтіп, олардың жетістіктері көпшілікке таныстырылды. Іс-шара ауыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіп қана қоймай, жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін насихаттауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ауыл тұрғындарының белсенділігін арттыруға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Алға ауданы Тоқмансай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары