1 / 10
Алматының ТЖД мен өрт сөндіру бөлімдерінде қызметкерлер Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстанның жаңа тарихи циклдегі өзекті міндеттері"тақырыбындағы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын тыңдады.
Президенттің Жолдауы елді одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды, мемлекеттік саясаттың өзекті міндеттері мен басымдықтарын белгілейді. Әлеуметтік-экономикалық даму, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Алматы ТЖД қызметкерлері қызметтік қызмет шеңберінде белгіленген басымдықтардың және оларды дәйекті іске асырудың маңыздылығын атап өтті.









