1 / 4
Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында ӨҚБ және ТЖБ бірлесіп, Алматы қаласындағы АГҚС түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шаралар барысында АГҚС қызметкерлері мен өкілдеріне өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану қағидаларын орындау, сондай-ақ авариялық жағдайлардың алдын алу шаралары түсіндірілді.
Автокөліктерге газ құю кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, ақауы бар жабдықтарды пайдалануға жол бермеу және штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде жедел әрекет ету қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу қауіпсіздік деңгейін арттыруға, өрттер мен авариялардың алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.








