Қызылорда қаласында Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Берекелі шараның негізгі мақсаты – жергілікті шаруалардың еңбегін дәріптеу, отандық өнім өндірушілерді қолдау және қала тұрғындарына сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну.
Жәрмеңкеге аудан шаруашылықтары мен кәсіпкерлері тарапынан мол көлемде өнім жеткізілді. Атап айтқанда, тұрғындарға 65 тонна ақ күріш, 40 тонна картоп, 20 тонна жуа, 2 тонна жылқы және сиыр еті, 3 тонна жеміс-жидек ұсынылуда. Дала еңбеккерлерінің маңдай терімен өндірілген өнімдер тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруға және азық-түлік тауарларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Шара барысында ауыл шаруашылығы өнімдерімен қатар, ұлттық құндылықтар мен қолөнер дәстүрін дәріптеуге де ерекше мән берілген. Келушілер назарына қолөнер бұйымдары, жеміс-жидек пен көкөністер көрмесі ұсынылып, арнайы алаңда үй жануарлары таныстырылды. Сондай-ақ ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылды. Бұл жәрмеңкенің мазмұнын байытып, ұлттық дәстүр мен ауыл мәдениетін кеңінен танытуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтардың өнімдері көпшілікке ұсынылды. Мұндай бастамалар ауыл кәсіпкерлерінің әлеуетін арттыруға, жергілікті өндірісті өркендетуге және еңбек адамдарының кәсібін кеңінен насихаттауға жол ашады.
Береке мен бірлікті ұштастырған жәрмеңке аясында арнайы концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі мен мәдени шаралар тоғысқан бүгінгі басқосу қала тұрғындарына Сырдария ауданының әлеуетін танытып, өңірлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосты.
Қызылордада Cырдария ауданының жәрмеңкесі өтті
1 / 31
Ұқсас материалдар

Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті қолдау шаралары кеңейтілуде: өңірдің үздік кәсіпкерлері марапатталды
Ақтөбе облысының дін істері басқармасыАшу
Сеулде Қазақстанның Республика күніне орай салтанатты қабылдау өтті
Қазақстан Республикасының Кореядағы ЕлшілігіАшу
Мәдениет майталмандары мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ақтөбе облысының дін істері басқармасыАшу
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауқымды құрылыс бағдарламасы мен экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын айқындады
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Президент:
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Өмірзақ ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Сырдария ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Мемлекет басшысының жолдауында белгіленген міндеттер талқыланды
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Қызылордада Cырдария ауданының жәрмеңкесі өтті
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Республика күніне орай гала-концерт өтті
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Республика күніне орай гала-концерт өтті
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Сырдария ауданында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Сырдария ауданының әкімдігіАшу