Үлкен Нарын ауданында Республика күніне арналған «Қастерлі Отан – Қазақстан!» атты салтанатты жиын мен концерт өтті. Мереке аясында Жинақтаушы Жасанды интеллект жылына орай мектеп оқушылары мен педагогтердің робототехника және бағдарламалау саласындағы инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Аудан әкімі Елдос Байрахметов құттықтау сөз сөйлеп, сандық технологиялардың маңыздылығына, 2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданып, 1 шілдеде күшіне енген жаңа Конституцияның тарихи мәніне тоқталды. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген тұрғындарға алғыс білдірді.
Салтанатты шара барысында бірқатар азаматтар марапатталды:
- Раушан Сайлыбаева — «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалі.
- Тамара Айдарбаева — Облыс әкімінің Құрмет грамотасы.
- Александр Чистяков, Гүлсім Қожағұмарова — Облыс әкімінің Алғыс хаттары.
- Қаныбек Үзгітинов — Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі.
- Жанар Әбілғажинова — Үлкен Нарын ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
- Архат Ахмеров, Мақпал Мұқажар, Дәулет Қадыр — Аудан әкімінің Алғыс хаттары.
- Бағдат Рахимова — Республикалық ардагерлер ұйымы Орталық кеңесі төрағасының Алғыс хаты.
Мерекелік жиын жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдардың концертімен аяқталды.





