Ұлттық мереке – Республика күніне орай орталық алаңда мерекелік гала-концерт өтті. Салтанатты кешке аудан әкімі Берік Сәрменбаев қатысып, мерекелік кештің куәсі болды.
Аудан әкімі тұрғындарды Республика күнімен құттықтап, бұл мерекенің ел тарихындағы айрықша орнына тоқталды.
Сіздерді ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – еліміз үшін тарихи күн. 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға өзгеріс енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Сондықтан бұл тарихи құжаттың еліміз үшін, мемлекеттің әрбір азаматы үшін мән-маңызы зор. Бүгінгі таңда еліміздің ең басты байлығы – бейбітшілік пен ынтымақ, елдің тұтастығы. Осы баға жетпес құндылықтарымызды қадірлеп, бірлігімізді бекемдей білсек, еліміздің мерейі қашан да үстем болады. Баршаңызға егемендігіміздің бастауы болған Республика күні тағы да құтты болсын! - деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Гала-концертте «Сырдария» квартеті, жас әнші, эстрада жұлдызы Alham және аудан өнерпаздары өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Өнерпаздардың әсем әндері мен әсерлі орындаулары мерекелік кештің ажарын ашып, орталық алаңға жиналған жұртшылыққа ерекше рухани әсер сыйлады.
Республика күніне орай гала-концерт өтті
1 / 6
Ұқсас материалдар

«АЛТЫН КҮЗ – 2026» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі шетел азаматтарының елімізге келуіне арналған электрондық рұқсатты (ETA) «QazETA» мемлекеттік цифрлық платформасы арқылы ресімдеу тәртібі, шарттары мен мерзімдері туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы ЕлшілігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті қабылдау қажеттігін айтты.
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Жетісу құтқарушылары самбодан жүлделі орындарға ие болды
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Қызылорда облысында электронды білезіктер арқылы 104 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
"Сырдария ауданының әкімдігі" жаңалықтары

Мемлекет басшысының жолдауында белгіленген міндеттер талқыланды
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Қызылордада Cырдария ауданының жәрмеңкесі өтті
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Қызылордада Cырдария ауданының жәрмеңкесі өтті
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Республика күніне орай гала-концерт өтті
Сырдария ауданының әкімдігіАшу
Сырдария ауданында мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті
Сырдария ауданының әкімдігіАшу