«Таза Қазақстан»: Ақмола облысында сенбілік өтті

    1 / 2

    Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында сенбілік өткізді.

    Іс-шара барысында қызметкерлер аумақты тазарту және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

    «Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтардың туған жеріне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Осындай шаралар тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңызын насихаттап, қоғамда экологиялық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.

    Тазалық сақтау — бір реттік шара ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті міндеті. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау арқылы біз туған өлкеміздің көркеюіне және келер ұрпаққа таза табиғи орта қалдыруға үлес қосамыз.

    Тазалық — ортақ жауапкершілік! Туған өлкені көркейту әрқайсымыздан басталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары