Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік-құқықтық акциясына қатысты

    Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік-құқықтық акциясына қатысты

    Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік-құқықтық акциясына қатысты

    Көкшетау қаласы. «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында Көкшетау қаласында «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік-құқықтық акциясы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарға, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға кешенді құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету.

    Акцияға 100-ден астам азамат қатысты. Қатысушыларға 15 мемлекеттік орган мен ұйымның өкілдері консультациялық және практикалық көмек көрсетті.

    Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті де белсенді қатысты. Департамент мамандары азаматтарға жазаларды орындау, жазаны өтеу тәртібі, ҚАЖ мекемелері мен пробация қызметінің жұмысына қатысты мәселелер бойынша кеңес берді.

    Акция барысында азаматтарға жұмысқа орналасу, берешектерді өтеу, банктік шоттарды бұғаттан шығару, медициналық және заң көмегін алу сияқты әлеуметтік және құқықтық мәселелерді шешуге жәрдем көрсетілді.

    Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, сотталған азаматтардың біріне қажетті құжаттарын қалпына келтіруге және оны Әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастыру мәселесін шешуге көмек көрсетілді.

    Мұндай іс-шаралар азаматтарға атаулы көмек көрсетуге, құжаттары мен әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге, өмірлік маңызды мәселелерін шешуге, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделуіне және заңға бағынатын өмір салтына қайта оралуына қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді.

    «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысы халыққа құқықтық және әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттыруға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары