
ҚАЖ департаментінің қызметкерлері «Доброе сердце» пансионатына барды
Ақмола облысы. 1 қазанда жыл сайын атап өтілетін Халықаралық қарттар күніне орай Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері «Доброе сердце» пансионатына барды.
Халықаралық қарттар күні – аға буын өкілдеріне қамқорлық көрсетуге, олардың өмірлік тәжірибесі мен даналығын дәріптеуге, сондай-ақ қоғамның қарт адамдарға деген құрметін арттыруға бағытталған маңызды күн.
Кездесу барысында ҚАЖ департаментінің қызметкерлері пансионат тұрғындарын мерекемен құттықтап, олардың өмір жолы мен еңбегіне құрмет білдірді. Қарттарға зор денсаулық, жан жылуы, амандық-саулық және жақындарының қамқорлығын тіледі.
Ізгілік пен құрметтің белгісі ретінде қарттарға қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан ағаштан жасалған сәндік-қолданбалы бұйымдар табысталды. Ерекше сыйлықтар аға буын өкілдеріне деген ықылас пен қамқорлықтың символына айналды.
Мұндай іс-шаралар аға буынға құрметпен қарау, мейірімділік пен қамқорлық дәстүрлерін нығайтуға, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы байланысты арттыруға бағытталған.
Халықаралық қарттар күні – өмірлік тәжірибесі, еңбегі мен даналығы кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра болып табылатын жандарға алғыс білдіруге мүмкіндік беретін ерекше күн.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі









