№7 мекемеде Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін қабылдау рәсімі өтті

    1 / 4

    Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №7 мекемесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерін қабылдауға арналған салтанатты рәсім өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – мекеменің кадрлық әлеуетін нығайту, қызметтік даярлық деңгейін арттыру және мекеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Мекеме басшылығы мен ұжымы әскери қызметшілерге адал қызметі, жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

    Алдағы қызмет жолында табыс, кәсіби шеберлікті шыңдау және жүктелген міндеттерді абыроймен орындау тілектері айтылды.

    Отанға адал қызмет ету, әскери антқа беріктік және жоғары жауапкершілік – қызметтің басты қағидаттары!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары