
Ақмола облысында ҚАЖ басшыларының біліктілігін арттыру курстары аяқталды
«Мобильді академия» бағдарламасы аясында «Қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелері басшыларының кәсіби құзыреттерін жетілдіру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Курс жұмысына Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің және ведомстволық бағынысты мекемелердің бөлім бастықтары мен аға қызметкерлерінен 20 адам қатысты.
Оқу барысында қатысушылар кәсіби құзыреттерін жетілдіріп, ҚАЖ бөлімшелерін тиімді басқаруға қажетті білімдері мен практикалық дағдыларын арттырды. Сонымен қатар қызметті ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылды.
Курстың қорытынды сабағын Психолог-мамандарды даярлау және әлеуметтік зерттеулер жүргізу орталығының бастығы, полиция капитаны Алмат Хамидоллаұлы Оразов және Жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, отставкадағы полиция полковнигі Нұрлан Аққалашұлы Түлкінбаев өткізді.
Оқу қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.
Мұндай біліктілікті арттыру курстарын өткізу басшылық құрамның кәсіби деңгейін арттыруға, басқарушылық құзыреттерін жетілдіруге және қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінің қызметін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.









