№1 мекемеде сотталғандарға арналған 270 жұмыс орнын құру және өндірісті кеңейту жобасы жүзеге асырылуда

    №1 мекемеде сотталғандарға арналған 270 жұмыс орнын құру және өндірісті кеңейту жобасы жүзеге асырылуда

    №1 мекемеде сотталғандарға арналған 270 жұмыс орнын құру және өндірісті кеңейту жобасы жүзеге асырылуда

    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2025 жылғы 20 қазандағы кеңесінде берілген хаттамалық тапсырмаларды іске асыру шеңберінде Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ҚАЖ мекемелерінің аумағында өндірістік нысандарды құру және дамытуға бизнес субъектілерін тарту, сондай-ақ сотталғандарды жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

    Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде №1 мекемеде «ALTAN GROUP 2021» ЖШС-нің майлы дақылдарды өсіру және қайта өңдеу өндірісін дамыту жобасы жүзеге асырылуда.

    2025 жылғы қараша айында мекеме базасында өндірістің алғашқы кезеңі – майлы дақылдарды қайта өңдеу цехы іске қосылды. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде сотталғандарға арналған 90 жаңа жұмыс орны құрылды.

    2026 жылдың басынан бастап жобаның келесі кезеңі – өндірістік қуаттарды кеңейту және майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Осы кезең аясында қосымша 50 жұмыс орнын құру көзделген.

    Осылайша, жоба аясында сотталғандарға арналған құрылған жұмыс орындарының жалпы саны 270-ке жетеді.

    2026 жылғы 30 қыркүйекте сағат 11:00-де №1 мекеме аумағында «ALTAN GROUP 2021» ЖШС-нің майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Іс-шараға Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Аталған жобаның іске асырылуы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан маңызды. Жаңа жұмыс орындарының ашылуы сотталғандарды тұрақты еңбекпен қамтуға, олардың кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және босатылғаннан кейінгі дербес өмірге дайындық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

    ҚАЖ мекемелерінің аумағында өндірістік нысандарды дамыту және бизнес өкілдерін сотталғандарды жұмыспен қамтуға тарту олардың әлеуметтік бейімделуі мен ресоциализациясының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

    Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаменті инвестициялар тарту, өндірістік қуаттарды кеңейту және сотталғандарға арналған жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары