
Мерекелік жиынға қылмыстық іздестіру саласының ардагерлері мен департаменттің жеке құрам қызметкерлері қатысты. Кәсіби мерекеде қызметте жоғары нәтиже көрсеткен 30-дан астам жедел уәкіл марапатталды.
Жиында ардагерлердің салаға сіңірген еңбегі ерекше аталып, жас буынға ізгі тілектер айтылды. Сондай-ақ қылмыспен күресте табандылық пен кәсібилік танытып жүрген қызметкерлерге алғыс білдірілді.
Қылмыстық іздестіру қызметі – қылмыстың ізін суытпай ашып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды міндет атқаратын полицияның негізгі бағыттарының бірі.






