Шымкент қаласында «Түнгі қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бір нүктелік рейдтік іс-шара өткізілуде.

    Шымкент қаласында «Түнгі қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бір нүктелік рейдтік іс-шара өткізілуде.

    Рейд барысында полиция қызметкерлері белгіленген аумақта қоғамдық тәртіптің сақталуын және жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауда. Түнгі уақытта жасалуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алуға, тұрғындардың тыныштығын бұзу, қауіпті маневрлер мен заңсыз көше жарыстарына жол бермеуге ерекше назар аударылуда.

    Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүрісі қағидаларын сақтау, көлік құралын қауіпсіз басқару және өзге азаматтардың тыныштығына құрметпен қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік жұмыстар қала аумағында жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары