«IT саласында табысты маман болған, бірақ 8 жылға сотталды».

    1 / 3

    «IT саласында табысты маман болған, бірақ 8 жылға сотталды».

    Көкшетауда студенттерге есірткінің өмірді қалай өзгертетіні туралы телемост өткізілді
    Көкшетау жоғары медициналық колледжінде Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен студенттер сотталған азаматпен телемост арқылы кездесті. Ол өз басынан өткен оқиғаны баяндап, есірткінің адам өмірін қалай күйрететінін айтып берді.
    Кездесудің басты спикері есірткі және психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз айналым жасағаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылған азамат болды.
    Бір кездері ол IT саласында табысты еңбек етіп, қаржылық қиындық көрмеген. Сырт көзге оның жақсы өмір сүруіне барлық мүмкіндік болған. Алайда күмәнді ортаға қосылғаннан кейін есірткі қолдана бастаған. Уақыт өте келе тәуелділік оны тыйым салынған заттарды таратуға итермелеп, соңы ұсталып, түрмеге түсуіне әкелген.
    Ол өз әңгімесін студенттерге жасырмай айтып, қабылдаған шешімдерінің ауыр салдарын ашық жеткізді. Болашақ медицина мамандары белсенді түрде сұрақ қойып, зиянды әдеттер мен қоршаған ортаның ықпалы адамның мансабына, бостандығына және болашағына қалай әсер ететінін талқылады.
    Телемостқа әділет капитаны Тимур Сабыров, Ақмола облысы прокурорының көмекшісі Қуандық Көкен, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Разия Курсанова және мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы әділет майоры Жанайдар Қайсенов қатысты.
    Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі Разия Курсанова жастарды есірткінің заңсыз айналымына қалай тартылатынын және осы қылмыстар үшін қандай жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді.
    Ал әділет майоры Жанайдар Қайсенов сотталғандардың өмір сүру жағдайлары, олармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары және түзеліп, заңға бағынатын өмірге қайта оралуына бағытталған шаралар туралы баяндады.
    Тимур Сабыровтың айтуынша, мұндай кездесулер жастарға өз әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге және қылмыстың нақты салдарын түсінуге көмектеседі.
    Жыл басынан бері Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері өңірдегі оқу орындарында осындай тоғыз телемост өткізген. Кездесулерде нашақорлық, киберқылмыс, маскүнемдік және адам өміріне қайғылы салдар әкелуі мүмкін өзге де қауіптер талқыланған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары