Ақтауда 29А шағын ауданда заңсыз қоқыс үйіндісі тазартылуда

    1 / 4

    Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаштың тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде 29А шағын ауданында заңсыз қоқыс үйінділерін тазарту жұмыстары жүргізілуде.

    Бұған дейін қала әкімі аталған аумаққа барып, заңсыз қоқыс үйінділерінің жай-күйімен танысып, аумақты тазарту және мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу жөнінде тиісті тапсырмалар берген болатын.

    Қазіргі таңда тазарту жұмыстарына қала аумағындағы құрылыс компаниялары атсалысуда. Жұмыс барысында аумақта жиналған қалдықтар шығарылып, санитарлық тазалықты ретке келтіру шаралары жүргізілуде.

    – Ақтау қаласы аумағындағы кәсіпкерлік нысандар және де тұрғын үй құрылысы нысандарының басшыларына рұқсат етілмеген аумққа қоқыс төкпеуге, тұрмыстық және, құрылыс қатты қалдықтарын арнайы полигонға төгуді қаперіңізге беремін, – деді Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Сайлаубаев.

    Қала аумағында тазалық талаптарының сақталуы тұрақты бақылауда. Заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жалғасуда.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары