Аида Садатқызы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Бүгін, 28 қазан күні Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш қала активіне жаңа орынбасары Аида Садатқызын таныстырды. Бұған дейін ол Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    Аида Садатқызы мемлекеттік басқару, журналистика және қоғамдық коммуникациялар салаларында тәжірибе жинақтаған.

    Екі жоғары білімі бар. Мәскеу политехникалық университетінің Баспасөз және медиаиндустрия жоғары мектебін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Екінші жоғары білімін «Құқықтану» мамандығы бойынша алған.

    Еңбек жолын 2015 жылы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Маңғыстау облыстық филиалында бастаған. Редактор, редактор-жүргізуші және редактор-талдаушы қызметтерін атқарған. Әр жылдары республикалық басылымдардың меншікті тілшісі болып, қоғамдағы маңызды оқиғалар мен өңірдің даму мәселелерін жариялаған. Сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінде жұмыс істеген.

    2021 жылдан бастап Маңғыстау облысы әкімі аппаратында өңірлік даму және талдау бағытында қызмет атқарған. Сол жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығын басқарды. Бұл қызметті 2025 жылғы наурызға дейін атқарған.

    Кейін Ақтау қаласының жергілікті атқарушы органдары жүйесінде жұмыс істеген. 2025 жылдың қазан айынан бастап Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

    Спорт шеберлігіне үміткер. Маңғыстау облысының көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының президенті.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары