Қысқы дөңгелектерді сатып алу кезінде алаяқтықтан сақ болыңыз: ІІМ ескерту жасады

    Күннің суытуына және автокөлік шиналарын ауыстыру науқанының басталуына байланысты Ішкі істер министрлігі интернет арқылы қысқы дөңгелектерді сату кезінде жасалатын алаяқтық туралы ескертеді.

    Алаяқтар интернет-платформаларда, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қысқы шиналарды қолжетімді бағамен сату туралы хабарландырулар жариялайды. Өздерін сатушы ретінде таныстырып, тауарды брондау үшін алдын ала төлем жасауды немесе ақшасын толық аударуды ұсынады. Бұл ретте сұраныстың жоғары екенін және шиналардың саны шектеулі екенін алға тартады. Ақшаны алғаннан кейін алаяқтар байланысқа шықпай, сатып алушыларды бұғаттап, хабарландыруларын өшіріп тастайды. Соның салдарынан азаматтар тауарсыз қалып, ақшасынан айырылады.

    Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында мынадай сақтық шараларын ұстану ұсынылады:

    - тауарды қолыңызға алмай тұрып, бейтаныс сатушыларға алдын ала төлем немесе толық сомасын аудармаңыз;

    - бағасы тым төмен ұсыныстарға сенбеңіз;

    - мүмкіндігінше шиналарды ресми дүкендерден және сенімді сауда орындарынан сатып алыңыз;

    - төлем жасамас бұрын тауардың бар-жоғын және жай-күйін жеке тексеріңіз;

    - күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, банк деректері мен SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеңіз.

    - Есіңізде болсын: төмен баға мен тез алдын ала төлем жасауды талап ету интернет-алаяқтықтың белгілері болуы мүмкін. Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, дереу полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласыңыз. Ішкі істер министрлігі азаматтарды интернет арқылы сауда жасау кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырады, - деді государственный орган өкілдері.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары