Атырауда «Бітімгершілік мәдениеті: қоғамдық келісім мен бірліктің негізі» республикалық форумы аясында «Медиация негіздері және қақтығыстарды басқару» атты екі күндік оқыту семинары басталды.
27-28 қазан күндері семинарға қатысушылар қақтығыстарды басқару дағдыларын жетілдіреді және дауларды бейбіт жолмен шешудің тәжірибелік тәсілдерін меңгереді.
Бағдарлама аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, тиімді диалог жүргізу жолдарын және қақтығыс кезінде екі тарапқа да қолайлы шешімге келу тәсілдерін үйренеді.
Семинар медиация институтын дамытуға, дауларды бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі









