Көлікті бұзып кіріп, мүлкін ұрлаған: Өскеменде ұрлық деректері ашылды

    Көлікті бұзып кіріп, мүлкін ұрлаған: Өскеменде ұрлық деректері ашылды

    Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері екі автокөліктен ұрлық жасады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Көлік иелеріне келтірілген жалпы шығын 380 мың теңгеден асты.

    Бірінші жағдайда күдікті автокөліктің есігін бұзып, салон мен жүксалғышта болған ақша мен затын ұрлаған. Ал екінші жағдайда «Газель» автокөлігінен ұялы телефон жоғалған.

    Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі факті бойынша да қылмыстық істер қозғалды.

    Көлік салонында бағалы заттарды қалдыру ұрлыққа себеп болуы мүмкін. Сондықтан жүргізушілер көліктен шыққанда жеке заттарын өзімен бірге алып жүргені жөн.

    Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті көлік иелеріне ақша, телефон және басқа да бағалы заттарды салонда қалдырмауға, есік-терезелерінің жабық екеніне көз жеткізуге, сондай-ақ мүмкіндігінше күзетілетін немесе бейнебақылау камералары орнатылған орындарға көлік қоюға кеңес береді.

    Қарапайым сақтық шараларын сақтау ұрлық қаупін азайтып, материалдық шығынның алдын алуға көмектеседі.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары