Ұстаудан бастап тергеуге дейін: ШҚО әскери қызметшілері полиция жұмысымен танысты

    1 / 4

    Ұстаудан бастап тергеуге дейін: ШҚО әскери қызметшілері полиция жұмысымен танысты

    Жол-көлік оқиғасының мән-жайы қалай анықталады және тергеу барысында полицияның әртүрлі бөлімшелерінің мамандары қандай рөл атқарады? Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Полиция департаментінде өткен кездесуде білді.

    Анықтау басқармасының анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Болатхан Құсайынов қызметтің ерекшеліктері туралы айтып, жол-көлік оқиғаларын тергеудің негізгі кезеңдерін тәжірибе жүзінде көрсетті.

    Кездесуге қатысушылар криминалист пен кинологтың жұмысымен танысып, ұстау әрекеттерінің қалай жүргізілетінін және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында қандай тергеу әрекеттері орындалатынын білді.

    Мұндай кездесулер жастарға полиция қызметімен жақынырақ танысуға, оның қыр-сырын түсінуге және болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік береді.

    Қатысушылардың кейбірі үшін бұл күн қызметке бастар алғашқы қадам болуы мүмкін.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары