Гараж қақпасына қорлайтын жазулар жазған Өскемен тұрғынына 50 АЕК айыппұл салынды

    Гараж қақпасына қорлайтын жазулар жазған Өскемен тұрғынына 50 АЕК айыппұл салынды

    Өскемен қаласында жергілікті тұрғын бөтен адамның гаражының қақпасына қорлайтын жазулар жазған. Мүлік иесі полицияға арызданған.

    Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, құқық бұзушылыққа қатысы бар 30 жастағы әйелді анықтады.

    Оның әрекеті Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 4-бөлігі бойынша сараланды. Істі қарау қорытындысы бойынша сот әйелге 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.

    Өзгенің мүлкіне, әсіресе қорлайтын мазмұндағы жазулар жазу — жай ғана ерсі қылық емес, заң бойынша жауапкершілік көзделген құқық бұзушылық. Бөтен адамның мүлкіне құрметпен қарау қажет. Кез келген жанжал мен келіспеушілікті мүлікті бүлдіру арқылы емес, заңды жолмен шешкен жөн.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары