ШҚО-да қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

    ШҚО-да қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары күшейтілді

    Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Абай және Павлодар облыстарынан қосымша полиция күштері жұмылдырылды. Олар жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, елді мекендердің көшелері мен өңірдің тасжолдарында патрульдік қызмет атқарады.

    Өңіраралық өзара іс-қимыл қоғамдық орындарда полицияның қатысуын күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысын жандандыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Басқа өңірлер мен елордадан полиция қызметкерлерін жұмылдыру тәжірибесі еліміздің түрлі қалаларында жүйелі түрде қолданылуда.

    Негізгі назар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға аударылады.

    ШҚО Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын жол жүрісі қағидаларын сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға, жолда мұқият болуға және айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырады.

    Заң мен тәртіп — ортақ жауапкершілік. Өңір қауіпсіздігі әрқайсымыздың заңды сақтауымыздан басталады.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары